Биыл Ақмола облысында егіннің жағдайы мәз емес.
Аптап ыстық пен жауын-шашынның аз түсуі егіншілердің шаруасын шатқаяқтатып жіберген. Биыл егін жинау науқаны 23 тамызда басталған еді. Күздік терім алдағы 1 ай ішінде аяқталатын көрінеді.
Биыл 3 — 3,5 миллион тоннаға дейін астық жинау жоспарланыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда төмен көрсеткіш.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір орташа өнімділік гектарына 7 центнерді құрап отыр.
Өткен жылы 5 миллион тоннадан астам астық жиналған еді. Алайда биыл егін өнімі төмен болады деген болжам жасалып отыр.
Шынар Оразова