Covid-19: Өткен тәулікте 4930 адам кви жұқтырды

152

Елімізде өткен тәулікте 4 930 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 223-і Шымкентте, 70-і Түркістан облысында тіркелген.

3 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 99 675 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 21 714 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 77 961-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 547 адамның жағдайы ауыр, ал 481 пациенттің халі өте ауыр ДЕҢГЕЙДЕ.

255 науқас өкпені жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 6 748 762 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 5 559 692 адам салдырды. Ал Шымкентте 434 462 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 368 341 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 749 663, II компонентін 603 755 адам салдырған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы әзірге «қызыл» белдеуде.

Мөлдір Ибадуллаева