Инфляцияның 50 пайыздан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр.
Үкімет отырысында инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, маусымаралық факторлар және кейінге қалдырылған сұраныс әсерінен ақылы қызметтер әрі азық-түлік емес тауар бағаларының өсуінің үлесі артты.
Осының салдарынан, ақылы қызметтер бойынша бағалардың өсуі 0,8%, азық — түлік емес тауарлар бойынша — 0,6%, азық-түлік тауарлары бойынша 0,1% құрады.
«Жылдық есептеуде Қазақстанда инфляция 8 айдың қорытындысы бойынша 8,7%-ды құрады және тарихи қалыптасқан құрылымға сәйкес, оның 50%-дан астамы азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне тиесілі болып отыр», — деді министр.
Шынар Оразова