Көп күттірген көгілдір отын қосылды

93

Түркістан облысында 2000 -нан астам отбасы газ желісіне қосылды. Бұған дейін көмір мен отын пайдаланып келген Ханарық ауылының тұрғындарына бүгін көгілдір отын берілді. Қазірдің өзінде халықтың біршамасы өз жұмыстарын бастап кеткен. Оларда қолайлы бағамен газ кіргізіп беретін екі компанияның бірін таңдауға мүмкіндік бар.

«Біз тіпті тілек білдірдік, біздің Ханарыққа газ қашан берілетінін күттік, армандадық», дейді тұрғындар.

«Армандар орындалады», – деп әзілдейді Момуда Юсупова. Көпбалалы отбасының Ханарықта тұрып жатқанына 20 жыл болған. Сол уақыттан бері олар табиғи газсыз өмір сүріп келдік дейді. Алайда, бір күні газдың келетініне сеніп, күтіп келген.

Момуда Юсупова: «Бәріңізге үлкен рахмет, әрқашан бақыт болсын, енді біз бақытты өмір сүреміз, бізде газ бар! Баршаңызға денсаулық тілеймін».

Ханарық ауылында қазірдің өзінде бірнеше үй көгілдір отынға қосылып үлгерді. Құрылыс жұмыстарының барлығы толығымен аяқталды. Енді әр отбасы өзі мердігерлік компанияны таңдап, үйіне көгілдір отынды кіргізіп алса болғаны.

«Қазтрансгаз» облыстық филиалының басшысы Шалқар Омарбеков алғашқы газды өзі қосып берді. Ал үй иесі көгілдір отынның қысымына қызығушылық танытты. Енді абонентті толық тексергеннен кейін оны пайдалана беруге болады.

Бүгінде Төлеби ауданындағы 8 елдімекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ауылдың өзінде 18 шақырым газ тарату желісі тартылып, 188 газ тарату пункті орнатылды. Соның арқасында 2 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді.

Төлеген Телғараев, Төлеби ауданының әкімі: «Облыс басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында Ханарық ауылын көгілдір отынға қостық, барлық кемшіліктер жойылды, бірге «Қазтрансгазбен» біз барлық жұмысты аяқтадық».

Айта кетейік, қазірдің өзінде тұрғындар арасында ақпараттық жұмыс басталып кетті. Яғни, газды қалай қолдануға болады, қандай шектеулер бар және төтенше жағдайда қайда бару керек екендігі туралы түсіндіріліп жатыр.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева