Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында Сайрам ауданына бекітілген аумақта бүгін сенбілік өтті.

Сенбілікке Сайрам ауданының 45 тұрғыны қатысты. 2 техника жұмылдырылды.
Тазалық жұмыстары Сауран ауданына қарасты Ынтымақ елді – мекенінің халықаралық маңызы бар жолынан бастап Кентау қаласы Шаға ауылдық округінің шекарасына дейінгі аумақтарында жүргізілді.

Жол бойындағы бейберекетсіз арам шөптер орылып, отырғызылған ағаштардың шарбақтары сырланды.

 

QAINAR KÓZ Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі