Елімізде өткен тәулікте 2 411 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 99-ы Шымкентте, 30-ы Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 3865-ке жетіп отыр. Оның 117-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 75 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 22 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 67 404 адам ем қабылдап жатыр.
Оның ішінде 12 205 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 55 299-ы амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1000 адамның жағдайы ауыр, ал 248 пациенттің халі өте ауыр. 143 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 372 086 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 247 031 адам салдырды. Ал Шымкентте 494 238 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 405 866 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 849 366 , II компонентін 675 550 адам салдырған.
Мөлдір Ибадуллаева