Шымкент қаласының ХҚО-ларында төлқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді QR-код көмегімен төлеуге болады

82

Енді қала тұрғындары кассада төлқұжат немесе куәлік үшін мемлекеттік бажды төлеудің қажеті жоқ. Өйткені, мұны QR-код арқылы смартфонның көмегімен іске асыруға болады.

«Бұрын QR көмегімен жер учаскелеріне актілер дайындау және беруге, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, кондоминиум объектілерін тіркеуге және жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік саласындағы қызметтерге, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Қазірдің өзінде 50-ден астам клиент QR-кодтың көмегімен төқұжатты немесе куәлікті ресімдеуді төледі», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

QR-код арқылы төлемді қаладығы барлық 10 ХҚО-да жүзеге асыруға болады. ХҚО-ға жүгінген кезде клиенттер мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.

2021 жылдың сегіз ай ішінде Шымкент қаласының ХҚО-лары төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру бойынша 13 818 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 теңге, төлқұжат үшін – 23 336 теңгені құрайды.

Мемлекеттік қызметтерді QR-кодтың көмегімен төлеу алғаш рет 2020 жылғы қарашада іске қосылды. Жалпы айтқанда, Мемлекеттік корпорация 662 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Сондай-ақ, QR-код әрбір қызмет бойынша және әрбір клиент үшін жеке қалыптастырылады.