Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2021 жылғы 4 қыркүйекте сағат 12:31-де, Еңбекші ауданы, Желтоқсан көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері аталған мекенжайдағы тұрғын үйге жапсыра салынған жалпы көлемі 100 ш.м. қора толық жанып жатқандығын анықтады. Сонымен бірге қораның ішінде 400 дана сығымдалған шөп, 16 бас қой жанған.

Өрт әрі қарай Орынбай ақын көшесіндегі жалпы көлемі 300 ш.м. құрайтын үйдің шатырына өтіп, көлемі 100 ш.м. шатыры жанды.

Өрт сағат 13:15-те оқшауланып, 14.26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі және келтірілген матреиалдық шығынның көлемі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖ департаментінің 30 қызметкері, 6 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.