«Turkistan» телеарнасы Түркі елдеріне ортақ арна атанды

71

 

Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында 7 мемлекеттен құралған Парламенттік Ассамблея кеңесі бір ауыздан «Turkistan» телеарнасының түркі елдеріне ортақ арна болатыны туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ облыс орталығында бас қосқан делегация түркі әлемінің рухани астанасы Түркістаннан жаһанға хабар таратуды мақсат еткен Turkistan24 арнасын дамыту бойынша мемлекетаралық келісім-шартқа қол қойды.

Стратегиялық маңызы зор құжатты бекітудің келесі қадамы ретінде мемлекетаралық келісім-шарт түзілмек.

Атап өтейік, үкіметаралық қолдау тапқан жас телеарна түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістікке айналдыратын бірегей ақпарат алаңы болуды мақсат тұтады.