Түркістанда жүк көтергіш көлікті масаң күйде басқарған жүргізуші ұсталды. Полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, болуы мүмкін жол апатының алдын алған.

Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында орын алған. Көлік тізгіндеуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген полиция автоэкипаждардың көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде басқармаға жеткізілді.

Шерәлі Әдбіраманов, Түркістан ҚПБ бастығының бірінші орынбасары:  «Өзіміздің полиция қызметкерлерімен аталған жүргізушіге әкімшілік құқық кодексінің 5 бабы бойынша 596, 599, 606, 608 баптарымен хаттама толтырылды. Әкімшілік материалдар сотқа жолдану үстінде. Енді аталған оқиға бойынша Түркістан қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің қолданылған жүргізілген шаралар нәтижесінде аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдар шығын келтірген деректер тілкелген жоқ. Алдын алып дер кезінде шара көрілді».

Әлихан Файзханов