Шымкентте халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын жүйелі жүргізу басты назарға алынған. Осыған орай, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл 21 942 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр.
Ал жыл басынан бері 17 129 адам жұмысқа орналасып үлгеріпті. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 8 айында бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2500 адам қысқа мерзімді курстарға, 2101 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жіберілсе, 52 адамға шағын несие, 584 адамға мемлекеттік грант беріліпті.
Сонымен бірге, 5827 адам бос жұмыс орындарына, 299 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 2176 адам жастар практикасына, 2837 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыстарға және 86 жас алғашқы жұмыс орнына орналастырылған.
Мөлдір Ибадуллаева