Еңбекші ауданындағы Ақназар хан көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын.
Көшенің жалпы ұзындығы 2,28 шақырым. Қазіргі таңда орташа жөндеу жұмысының 50 пайызы аяқталған. Мамандар жолды пайдалануға беру қараша айына жоспарланып отырғанын айтады.
Аталған көшеде жөндеу жұмыстары соңғы рет 2011 жылы жүргізілген. Зерделеу жұмысының нәтижесінде көшедегі асфальт жолдан бөлек, бордюрларды ауыстыру қажеттігі туындағын. Айта кетейік, биыл Шымкентте 182 көше орташа жөндеуден өткізілуде.
Гүлдана Дәурен