Ескі көліктердің бағасы өсті

55

Елде ескі көліктердің орташа бағасы 26 пайызға өсті. Олардың қымбаттауына нарықта жаңа көліктердің тапшылығы әсер еткен.

Өңірлерде Lada автокөлігіне сұраныс жоғары. Мамандар бағасы қолжетімді болған соң жеңіл көліктің бұл маркасын алушылар екі жыл ішінде көбейгенін айтады. Нарықта 650 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін бағаланады. Әсіресе Петропавловлда арзан, Алматыда қымбат. Бағасы былтырға қарағанда 15 пайызға көтерілген.

Ал жаңа көліктердің саудасы биыл 5,4 пайызға азайған. Бұл туралы «Автобизнес» қауымдастығы хабарлады.

Шынар Оразова