Úı ANONS 2021 жылы ескі көлік өткізгендер 210 мың теңге алады

2021 жылы ескі көлік өткізгендер 210 мың теңге алады

фото kolesa.kz

Қазір ескі машинаны қабылдау аяқталды, қызмет мереке аяқталған соң қайта іске қосылады.

1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері өзгеретіндіктен, ескі көлігін утильге өткізетін азаматтарға төленетін ақша көлемі артады. Осылайша, 1-категориядағы (толық жиынтық) ескі машина үшін 210 024 теңге (72 АЕК), 2-категориядағы (толық емес жиынтық) машина үшін 157 518 теңге беріледі. Ал жүк көліктері мен автобустарға 157 518-ден 630 072 теңгеге дейін төленеді.

2020 жылы ел азаматтары 41 262 ескі көлік өткізіп, 7 млрд теңге және 8 651 жеңілдікті сертификат алған. «ӨКМ операторы» ЖШС-нің мамандары биыл өткен жылмен салыстырғанда көп көлік қабылданғанын хабарлады.

Бағдарлама 2021 жылы да жалғасады. Келесі жылы оператор 45 мың машина қабылдауды жоспарлап отыр. Автокөлік өткізу бойынша электронды кезек 5 қаңтарда іске қосылуы тиіс.