«Көшпенділер ойынының» облыстық сайысы өтеді

175

Түркістан облысының аудан, қала жастары арасында Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 15 қазан сағат 11:00 де Ленгір қаласының «Жастық» стадионында «Көшпенділер ойынының» облыстық сайысы өтеді.

Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында насихаттау. Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру, ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, қызығушылықтарын арттыру.

Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу. Ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу болып табылады.

Жарыстар қазақ халқының ұлттық ойындарының 7 түрінен (жамбы ату, асық ату, қошқар көтеру, қазақша күрес, аудараспақ, тоғызқұмалақ, арқан тартыс) қолданыстағы бектілген ережеге сәйкес өткізіледі. Жарысқа 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысады.

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі