Онлайн форматта жәрмеңке өтеді

230

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Сайрам ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өңірлік жәрмеңкесі онлайн форматта 2021 жылдың 19 қазан күні сағат 16-00 өтеді.

Ескерте кетейік, жәрмеңкеде білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, халықты әлеуметті қорғау, экономика және кәсіпкерлік бөлімдері мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтарға жауап береді.