Өткен тәулікте 2 063 адам Кви жұқтырған

40

Елімізде өткен тәулікте 2 063 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 68-і Шымкентте, 43-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 646-ға жетіп отыр. Оның 165-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 23 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

7 қазандағы жағдай бойынша елде 55 956 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 9 562 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 46 394-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 747 адамның жағдайы ауыр, ал 206 пациенттің халі өте ауыр. 124 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 775 348 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 776 270 адам салдырды. Ал Шымкентте 531 927тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 439 862-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 906 794, II компонентін 768 249адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.

 Мөлдір Ибадуллаева