ПКОП-та өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу өтті

153

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы өрт- тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтті.

Оның барысында өндірістегі барлық құрылымдардың дайындығы пысықталды. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша «ПетроҚазақстанОйлПродактс» компаниясына жоғары баға берілді.

Азаматтық қорғаныстың «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналын естіген бойда зауытта жұмыс істейтін қызметкерлер тез арада өз жұмыс орындарын тастап, негізгі және қосалқы шығу жолдары арқылы ғимараттан шығып, «жиналу орны»алаңына  жиналды. Тексеру аяқталғаннан кейін барлық қызметкерлер автокөлікте ұйымдасқан түрде орын алды. Жаттығу барысында желілік құрылымдар мен апатты-құтқару қызметінің іс-әрекеттері пысықталды.

Өрт тактикалық оқу жаттығуының шарттары бойынша ПКОП аумағындағы №306 резервуарлық паркте, №306/1 РВС-да құбыржолдардың фланецті қосылыстарының герметизациялануы нәтижесінде №306 РП үйінділерінде мұнай өнімі құйылып, жануда.

Өртті сөндіруге «ПетроҚазақстанОйл продактс «компаниясындағы арнайы өрт бөлімі және Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің арнайы техникалары, жеке құрамы қатысты. Жедел штаб әрбір құрамның жұмысын үйлестіріп, өртті сөндіруге замануи техникалар және кәсіпорынның мүмкіндіктері толық пайдалануын қамтамасыз етті.
Дмитрий Каюрин, «ПетроКазақстан Ойл Продактс» ЖШС өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері: «Кәсіпорында өртке қарсы барлық талаптар міндетті түрде орындалады. Зауыт аумағында 272 гидрант бар және өрт болған жағдайда арнайы 14 су айдыны да қарастырылған. Сондай -ақ, өрт сөндіру көліктеріне арналған алаңдар да белгіленген».

Резервуарлық парктердегі өрттерді сөндіру тактикасына сәйкес, алғашқы өрт су оқпандары жанып жатқан және онымен көршілес резервуарларды салқындатуға берілді. Өрттің өршуіне жол бермеу мақсатында көбік шабуылын жүргізу үшін арнайы техника да жұмылдырылды.

Қуаныш Арсланов, Шымкент қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі » мекемесінің бастығы: «Барлық құрылымдардың алдына қойған міндеттерді орындап шықты. Кемшілік жоқ. Барлық қызметтер жақсы дайындық көрсетті. Жалпы жоғары баға беремін».

Төтенше жағдайлардың алдын-алуға арналған оқу-жаттығулар «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясында жоспарлы түрде өтіп тұрады. Оның барысында кәсіпорындағы барлық құрылымдардың дайындығы тексеріледі. Бұл шаралар өндірісте қызмет ететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Шынар Оразова