2021 жылдың 29-қазанында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, аудан аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінде 860 мың теңге тұратын «Continent» маркалы алтын сағатын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тез арада ізін суытпай қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала тұрғындарына қоғамдық орындарда өз мүліктеріне сақ болуын ескертеді.
Егер де, Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласуды ұмытпаңыз.