Шымкент: «HALAL EXPO 2021» көрмесі өтеді

137

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді осы жылдың 11-12 қазан күндері Шымкент қаласында ҚМДБ ХАЛАЛ сертификатын алған өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO 2021» жәрмеңкесіне шақырамыз!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Көрме орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін халықаралық «HALAL EXPO 2021» жәрмеңкесіне әлемдік және Отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

«HALAL EXPO 2021» көрмесі тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көрме аясында зиялы қауым өкілдері мен дін ғалымдары, халықаралық сарапшылар баяндама жасайды. Сондай-ақ, үздік кәсіпорындарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттайтын болады.

«HALAL EXPO 2021» – Отандық және шет елдік кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін халал индустриясындағы ең үздік көрме.

Келіңіздер! Көріңіздер!