Ұлттық опера «Қыз Жібек» жаңаша сахналанады

149

Шымкенте Майра Мұхамедқызының көркемдік жетекшілігімен Опера және балет театрында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы арналып, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы жаңа музыкалық редакцияда көрермен назарына ұсынылады.

Аса биiк талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдiлiгi де, сахнаға қойылуы да бiр-бiрiмен үндесiп, құдiреттi туындыны құрады. Және сол құндылығын әлi күнге дейiн жойған жоқ. Халық та «Қыз Жiбегiнен» жалыққан емес.
Заманында қойылымды көрген мәскеулiктердiң өзi қазақтың «Қыз Жiбегiне» басын иген.

Енді міне, қазақтың тұңғыш операсын жаңа бағытта сахналау үшін Ресей Федерациясының режиссеры Михаил Панджавидзе арнайы шақыртылды.
Қойылымда ару Жібекті рөлін Әйкерім Шәріпбек пен жас солист Жұлдызай Мұсаева сомдайды. Төлегеннің рөлін талантты әнші Мәдіхан Дүйсеев орындайды.

Рухани қазынамыздың жауһар туындысына айналған ұлттық операны қала тұрғындары мен қонақтары 30-31 қазан күндері тамашалайтын болады.