Үш буынды модельдің жүзеге асырылу барысы

164

Биыл елімізде ҚР әскери құқық қорғау органдарында қылмыстық процестің үш буынды жүйесі жүзеге асырылуда. Халықаралық талаптарға сай жаңа үлгі азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңашылдықтар жайлы Шымкент гарнизонының әскери прокуроры, Әділет полковнигі Бағлан Телеу БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Қылмыстық қудалау органдары, прокуратура мен сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің аражігін ажырататын, үш буынды модель енгізілген. Бұл бағдарламаны қабылдауға заңсыз әрекеттер негіз болған. 6 жыл ішінде қылмыстық қудалау органдарымен 2 мың азамат негізсіз ұсталған. Прокурорлар 9 мыңнан астам заңсыз шұғыл іздестріру шаралармен жасырын тергеу әрекеттерін анықтаған.

«Азаматтардың құқықтарын қорғаудан ведомстволық көрсеткіштер (қылмысты ашу пайызы, сотқа жолдау) басымдылық болған. Қазір онлайн көріп отыруға да мүмкіндік бар», дейді Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Бағлан Телеу.

3 мыңнан астам қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соның ішінде 1,9 мың -сыбайлас жемқорлық санатына жатады. 2015 жылдан бастап қылмыс саны 37% кеміген. Пандемияға байланысты қатаң карантиндік режим қолданғанына қарамастан, криминогендік ахуал күрт қиындаған. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 42,7 пайызғ а өскен. Ағымдағы жылы 8 қылмыстық іс тіркелген.

3 буынды модельге көшудің келесі кезеңі 1 сәуірден басталады. Бас прокурор мен ІІМ бірлескен бұйрығына сәйкес, қасақана кісі өлтіру қылмыстарымен азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі процестік шешімдерді прокурор қабылдайтын пилоттық жоба қазір де іске асып жатыр.

Шынар Оразова