Шығармашыл жастарға қолдау көрсету арқылы қала жайында өлең шумақтарын толықтыру. Осындай үлкен мақсатта өңірлік ақын-жазушылар «Күміс домбыра», «Күміс қалам» атты республикалық сайыс ұйымдастырмақ. Аталған мүшайра 5 қазанда өтеді. Оған Қазақстанның түпкір-түкпірінен жас ақындар қатысады.
Біржан Байтуов, «Қаратау» дəстүрлі өнер мектебінің директоры: «Ұтып алған ақынға түбегейлі тапсырып беріп жібереміз және бір ерекшелігі күміс домбыра кәдімгі таза тартылатын күміс домбырамен айтысқа шығуға болатындай жоғары сапаға жасалған тартылатын домбыра».
«Тәуелсіздік бабалар аманаты» атты тақырыпта өтетін шараға 30 адам қатысуға ниет білдірген. Бүгінде «Күміс қалам» сайысының іріктеуінен 20 адам өтіп, ертең олар өзара сайысады. Ұйымдастырушылар қолға алынған жобаны дәстүрлі додаға айналдыруға ниетті екенін айтты.
Маржан Есжанова, айтыскер ақын: «Кімнен қандай жақсы сөз қалды. Шымкент туралы қандай әдемі сөз айтты. Біздің қаламыз туралы еліміз туралы сырттан келген адамдар қандай жақсы пікір қалдырды деген нәрселерді көбірек жарияласақ, біздің ұтқандығымыз, ұйымдастырушылардың мақсатына жеткендігі сол».
Диана Біржанова