Úı ANONS 35 адамнан коронавирус анықталды

35 адамнан коронавирус анықталды

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 35 жағдай тіркелді. Оның ішінде 32 адамда ауру белгілері байқалған.

18 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй жағдайында дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 38 пайызды құрайды.

Дәрігерлер ауруды қайта өршітіп алмау үшін қарапайым сақтық шараларын қолданып, карантин талаптарын сақтауға шақырады.