Егде жастағыларға арналған «Күміс жас» бағдарламасы іске қосылмақ

159

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобада егде жастағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» атты тармақ іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев айтты.

Сондай-ақ, ол жұмыссыздарды қамту мақсатында «Жастар практикасы», «Осал топтарға арналған Әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты жобалар жүзеге асатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, барлық шараларды қабылдау нәтижесінде жеке ісін ашқан адамдардың үлесі 1,7 есеге, яғни 35 пайыздан пайызға дейін артады.

Әлихан Файзханов