Елімізде өткен тәулікте 654 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның үшеуі Шымкентте, бесеуі Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 137-ге жетіп отыр. Оның төртеуі шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 29 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 30 қарашадағы жағдай бойынша елде 26 472 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 5 623 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  20 849-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 376 адамның жағдайы ауыр, ал 119 пациенттің халі өте ауыр. 53 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 721 768 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 066 053 адам салдырды. Ал Шымкентте 577 444 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 539 587-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 027 679, II компонентін 969 258 адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облыстары ғана тұр.

                                                                                     Мөлдір Ибадуллаева