Өткен тәулікте 1 181 адам коронавирус жұқтырған

29

Елімізде өткен тәулікте 1 181 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 19-ы Шымкентте, 16-ы Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 853-ке жетіп отыр. Оның 13-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысанан 32 ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

2 қарашадағы жағдай бойынша елде 45 777 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 8 268 пациент стационарға жатқызылған.

Ал, 37 509-ы амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 540 адамның жағдайы ауыр, ал 171 пациенттің халі өте ауыр. 110 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 320 106 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 527 397 адам салдырды. Ал Шымкентте 550 733 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 517 253-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 972 159, II компонентін 887 854 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева