Елімізде өткен тәулікте 971 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 16-ы Шымкентте, 11-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 284-ке жетіп отыр. Оның 22-і шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 25 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 26 қарашадағы жағдай бойынша елде 27 696 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 5 857 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  21 839-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 422 адамның жағдайы ауыр, ал 121 пациенттің халі өте ауыр. 81 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 690 377 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 024 665 адам салдырды.

Ал Шымкентте 574 575 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 538 524-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 025 125, II компонентін 964 100 адам салдырған.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева