Қаржылық пирамида құрған ақтөбелік тұрғын бас бостандығынан айырылды

123

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ашып, тұрғындардан 71 миллион қаржы жымқырған алаяққа сот үкімі шықты.

Былтыр қаңтар-ақпан айларында ол «Голденсити-200» деп аталған серіктестік арқылы жалған келісімшарттар жасаған. Жоғары сыйақы беріледі деп жұртты сендіріп, ақша жинаған.

Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, 6 жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

Шынар Оразова