Шымкентте 23 адам коронавирус жұқтырды

26

Елімізде өткен тәулікте 1 421 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 23-і Шымкентте, 31-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 113-ке жетіп отыр. Оның 30-ы Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысанан 44 ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

5 қарашадағы жағдай бойынша елде 42 630 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 7 648 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 34 982-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 538 адамның жағдайы ауыр, ал 155 пациенттің халі өте ауыр. 99 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 372 506 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 620 215 адам салдырды. Ал Шымкентте 553 131 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 520 524-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 975 426, II компонентін 910 763 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева