Түркістанда жергілікті тұрғыннан 31 келіден астам есірткі тәркіленді. Ол есірткіні 200 литрлік бөшкенің ішіне жасырған.
Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен бояудан босаған шелекке салынған 1 пакет және оның ішінде 11 дана кішкентай пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тапқан. Қазіргі таңда оған қатысты ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дәурен Сартаев, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі: «Тәркіленген заттардың барлығы сараптамаға жолданып, қорытындысы бойынша оның «кептірілген марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің бас шарасы қамауда. Тергеп тексеру жұмыстары Түркістан қалалық полиция басқармасымен жүргізілуде».
Әлихан Файзханов