«Түркістан тарихы» көрмесі ашылды

50

Түркістанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнабек Оспановтың «Түркістан тарихы» атты көрмесі ашылды. Сонымен қатар, көрме барысында қоғам қайраткерінің «Түркістан тарихы» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Түркістан төріндегі көрмеге автор тарихи және рухани маңызы бар 50-ге жуық туындысын алып келген. Аталған көрмеден Түркістан өңірінің танымал тұлғаларының портреттері, тарихи орындары да көрініс тапқан.

Көрменің ашылуына жазушы Мархабат Байғұт, Түрістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ҚР Көркем Академиясының вице-президенті Ерлан Айтуаровтар қатысты.

 Гүлдана Дәурен