ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

61
Тұрақты комиссия отырысын комиссия төрайымы – Наимбекова Айжан Избасханқызы ашып, күн тәртібіне ұсынылған екі мәселені талқылады.
Олар:
1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
2. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.
Жиынға қала әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысты. Аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынды.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.