Ұлттық төлем жүйесі жазда іске қосылмақ

246

Қазақстанда Ұлттық төлем жүйесі жазда іске қосылмақ. Ұлттық банктің хабарлауынша қазір қаржы ұйымдарымен бірлесіп, жүйені құру жұмыстары жүріп жатыр.

Әзірге төрт банк ұлттық жүйемен жұмыс істеуге келіскен. Сондай-ақ, 7 қаржы ұйымы жүйеге қосылуға ниет білдіріп отыр. Кейін visa, master card секілді қазақстандық жүйе пайда болмақ.

Бұл қаржы аударымдары үшін алынатын комиссияны екі жарым есе азайтуға мүмкіндік бермек. Ол үшін ел азаматтарының қолында жүрген 58 миллионға жуық банк карточкасын қазақстандық жүйеге көшіру қажет.

Шынар Оразова