Úı ANONS Достық пен Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтерінен босатылды

Достық пен Алтынкөл стансаларының басшылары қызметтерінен босатылды

Қаржы министрі Ерұлан Жамауабаев пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаев Қытай шекарасындағы кеден бекеттерін тексеріп шықты.

Алдымен KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портын, одан кейін «Нұрлы жол» мен «Алтынкөл» өткізу бекеттеріне барды. Сондай-ақ, жүк тасымалдаушылармен кездесіп, Қазақстан-Қытай шекарасында бизнесті жүргізу мәселесін талқылады.

«Сапар қорытындысы бойынша Достық және Алтынкөл шекара маңындағы теміржол стансаларының басшылары өз қызметтерінен босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Айта кететін жәйт, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарада кешенді тексеру жүргізуді және тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Шынар Оразова