Úı ANONS «Мемлекет шығыны 1,9 млрд. теңге»: Шенеунік шекарадан тауарды заңсыз өткізу үшін пара...

«Мемлекет шығыны 1,9 млрд. теңге»: Шенеунік шекарадан тауарды заңсыз өткізу үшін пара алған

фото ҰҚК

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

“Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі басқарма басшысы және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары шетел азаматтарынан 100 миллион теңгеден астам пара алған. Алдын ала бағалаулар бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 1,9 миллиард теңге.

Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.