Кеден бекетінің мамандары кальянға табакты заңсыз әкелуге ықпал еткен – Түркістан облысы

96

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шекарада Өзбекстан Республикасынан кальянға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Сот үкімі бойынша кінәлілер – «Қапланбек» кеден бекетінің 5 маманы әртүрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасынан Қазақстан аумағына жалпы салмағы 23 985 кг, жалпы сомасы 59 596 729 теңгеге «SERBETLI» кальянына табакты заңсыз әкелуге лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік мансабын аса пайдалана отырып ықпал етті. Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ. Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М. Күміс, Б. Әлиев 3 жыл 6 айға, Н. Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.