Майнерлер ақпанға дейін электр энергиясынан ажыратылды

56

Майнерлер ақпанға дейін электр энергиясынан ажыратылды. Бұл елдегі біртұтас энергетикалық жүйедегі шамадан тыс жүктемеге байланысты. Яғни, жарық теңгерімі мен қуаты сақталмай отыр. 4 күн бұрын KEGOC компаниясы 196 ұйымға тоқты сөндіру туралы ескерту хат жолдаған.

Онда қазіргі кезде жағдай күрделі екені ескертіліп, соған қарай биыл 24 қаңтарды қоса алғанда 31 қаңтарға дейін цифрлық майнингпен айналысатын компанияларға жоспарлы электр энергиясын беру тоқтатылады делінген. Бірақ, Қазақстандағы Блокчейн мен дата орталықтар қауымдастығының президенті мұнымен келіспейді. Мәселе майнерлерден емес, тозығы жеткен инфрақұрылымнан туындап отыр, дейді Алан Дорджиев. Ол станциялар 70 пайызға тозғанын, ал, салынғанына 40 жыл болғанын алға тартып отыр.

Шынар Оразова