Мұнайдың бағасы 84 доллардан асты

79

Әлемде Brent маркалы мұнай бағасы соңғы екі айдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, 84 доллардан асты. Энергетикалық нарықтағы өсімге коронавирустың «омикрон» штамы сұранысты қатты төмендетпейді деген болжам себепші. Оның үстіне ең ірі шикізат тұтынушы АҚШ пандемияның қайта өршуіне төтеп беруі мүмкін екенін айтып, эпидемиялық ахуалдың тағы да қиындауынан қысқа мерзімде ғана зиян шегетінін мәлімдеп отыр.

Дегенмен,  «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, 12-ші қаңтарда  бірден 1,3 пайызға қымбаттаған мұнай  қаңтардың 13-не  0,5 пайызға арзандады. Өйткені, жер-жаһанда «омикронның» тез тарауы сұраныстың таяу уақытта қандай болатынын болжауды қиындатып отыр.

Шынар Оразова