Шымкент: №2 емханада 172 жүкті әйел екпе жасатты

157

Шымкенттегі №2 емханада қазіргі таңда жүктілік кезеңіндегі 326 әйелдің 172-і екпе алған. Дегенмен, олардың бәріне бірдей вакцина салынып жатқан жоқ.

Жүктілікке дейін вакцина қабылдағандарға, босанған соң 42 күн өткеннен кейін ғана ревакцинация жасалады. Бүгінде аталған емханаға қарасты 1088 әйел босанған. Оның ішінде 577-і екпе алуы тиіс. Алайда қазіргі таңда олардың 273-і ғана вакцина салғызған.

 Гүлдана Дәурен