Шымкентте енесімен ұрсысып қалған келін үйін тонап кеткен

53
фото азаттық рухы

Шымкенттік келіншек отбасындағы жанжалдан соң енесін өзінше жазаламақ болған. Осылайша, үйдегі алтын мен ақшаны қолды еткен ол бағалы заттарды сатып үлгеріпті. Бірақ 34 жастағы келін көп ұзамай ұсталды.

Шымкент тұрғыны үйіндегі алтын бұйымдары мен ақшасы қолды болғанын айтып полицейлерден көмек сұраған. Күдікті ретінде өзінің келінін көрсеткен. Бұл арыз негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы Ұрлық бойынша іс қозғалды.

Жәбірленушінің айтуынша, келіні үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 000 теңге болатын алтын бұйымдарын және 100 АҚШ долларын қолды еткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті әйел бір жарым тәулік ішінде басқармаға жеткізілді.

Сұрақ-жауап кезінде қылмысын толық мойындаған ол бұл қадамға баруына үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлихан Файызханов