Түркістанда жүргізуші құқығынан 7 жылға айырылан ер адам мас халде көлік басқарып, жол апатына түсті. Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын «Renault Arkana» автокөлігімен орталық көшелердің бірінде артқа қарай жүріп бара жатып бір бағытта келе жатқан «Нексиа» автокөлігімен соқтығысқан.
Полиция қызметкерлері бірден «Renault Arkana» жүргізушісін құрықтады және медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытынды бойынша «орташа дәрежедегі мас күйде» болғаны анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды.
Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсан айында Сарыағаш аудандық сотының шешімімен «Renault Arkana» автокөлігінің жүргізушісі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгі болды.
Мөлдір Ибадуллаева