Бас прокуратура Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады

74

Экс-қорғаныс министрінің ұсталғанын Бас прокуратура растады.

«19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов Мұрат Кәрібайұлына қызметіндегі әрекетсіздік фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.