Ковид жұқтырған анадан туылған шақалақ екі айға жуық перзентханада ем алып шықты

428
анасы коронавирус жұқтырған сәби

Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға қарасты перзентханада екі айға жуық жатқан шақалақты дәрігерлер бүгін үйіне сән салтанатпен шығарып салды. Жаңадан туған сәбидің анасы коронавирустың ауыр түріне шалдығып, аурухананың дәрігерлері анасы мен баласын аман алып қалу үшін кесір тілігі арқылы босандырып алған.

 

анасы коронавирус жұқтырған сәби

36 жастағы жүкті келіншек 2021 жылдың 16-желтоқсан күні ауыр халде №2 қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексере келе өкпесінің 95 пайызы зақымданғанын анықтап, жансақтау бөліміне жатқызған. Шұғыл түрде білікті дәрігерлер командасы консилиум жасап, жүкті келіншекті аурухана базасында кесір тілігі арқылы босандырып алады.

Ота жасалған әйел жансақтау бөлімінде ем алып, жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылған. Денсаулығы жақсарған әйелді дәрігерлер ағымдағы жылдың 4-ші қаңтар күні үйіне шығарады.

«Босанған соң анасы 19 күн бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырдық. Науқастың өзі толық сауығып, 4-ші қаңтар күні ауруханадан шықты»-дейді №2 қалалық ауруханасының бөлім меңшерушісі Байділдаева Гүлсім.

Ал мерзімінен бұрын дүниеге келген қыз баланың салмағы 980 грамм ғана болған. Нәрестенің жағдайы ауыр болғандықтан, бір айға жуық жансақтау бөліміндегі аппаратта жатып, жасанды жолмен тыныс алды. Бұған қоса қан құйылып, қарқынды терапия емі жасалған. Қазір сәбидің салмағы 2094 грамм.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. «Айназ» есімді қызымызды үйіне аман-есен шығарып салдық. Кішкентай періштені 54 күн бойы перзентхана ұжымы барынша күтіп, ем жасады. Бүгін күні сәбидің салмағы екі келіден асты »-дейді №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхананың бөлім меңгерушісі Насиба Корганбаева.
Қазіргі уақытта анасы мен баласының өміріне еш қауіп жоқ дейді мамандар.

Лаура Нақыпқызы