«Қазақстан халқына» қоры азаматтардан өтініш қабылдауды бастады

361

«Қазақстан халқына» қоры азаматардан өтініш қабылдауды бастады. Яғни арнайы көмекті қажет ететін бизнес өкілдері мен өзге де тұрғындар www.qazaqstanhalqyna.kz сайтына кіріп, «Өтінішті қалай бере аламын» батырмасын басып, қажетті құжаттарды толтыруы тиіс.

Барлық мәлімет автоматты түрде www.atamekenim.kz порталына жіберіледі. Яғни, қатаң тексеруден өтеді. Қордың мақсаты мен талаптарына сай болмаса, өтініш қабылданбауы мүмкін. Сондай-ақ, сайт арқылы қорға ақша аударуға ниетті демеушілер де өтініш қалдыра алады.

Шынар Оразова