Жеделсатыда қалып қойсаңыз, IKOMEK -ке хабарласыңыз

133

Қала аумағындағы пайдалануға тапсырылатын ғимараттардың бірінде жеделсатының сынағы өтуде. Жұмыстар ереже сәйкес жүргізіліп жатыр. Талап бойынша сынақ барысында лифттің төлқұжатында көрсетілген мәліметтерге сай екендігі, қауіпсіз жұмысы, жүкті көтеретін мүмкіндіктері тексеріледі.

Лифттің ішінде қалып қойған кездеріңіз болды ма?. Шарасыздықтан кімге телефон соғатыңызды білмей әбігерге түскен боларсыз, енді мұндай оқиғалар орын алса 109 Ай көмек бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға мүкіндік туды. Бұл жаңашылдықты көпқабатты тұрғын үйлердегі лифтілердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша тексеру шараларын өткізген қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары мәлімдеді.

Қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды аспалы жолдарды, жедел сатыларды қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалау және оларды есепке қою, шығару міндеті қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктелген. Мамандардың пайымдауынша бүгінде 635 лифт болса, олардың 517 тұрғын үйлерде орналасқан. Жедел сатыларға қызмет көрсететін мекемелердің саны 11-ге жетіпті. Лифттің жұмыс істеуіне қатысты шағымдар толастар емес дейді басқармадағылар.

Нұрдәулет Тұрғанбекұлы, Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Лифтте қалып қойдым. Жарық өшіп қалды», деген шағымдар бізге де келіп түседі. Басқарма тарапынан лифттерге қызмет көрсетуші мекемелермен Айкөмек 109 бірыңғай байланыс орталығымен интеграцияландыру жұмыстары жүргізілген. Олар 24 сағат бойы жұмыс жасайды. Олар тиісті мекемелерге хабарлама беріп, бақылауға алады».

Тұрғын үйлерде орналасқан жедел сатылар бойынша ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жедел сатылар тұрғын үйдің ортақ мүлкіне кіретіндіктен күтіп ұстау, кемшіліктерді жою тұрғындардың құзырында.

Бүгінде пайдалану мерзімі өткен 30 құрылғының, 26-ының құзырлы мекемелердің қорытындысына сәйкес пайдалану емрзімі ұзартылған. Сонымен қатар, қала аумағындағы біреше көпқабатты тұрғын үйлердегі лифтілер істен шығып тұр.

Шынар Оразаова