Úı ANONS «Оtau city» тұрғындары лифтімен жүруге қорқады

«Оtau city» тұрғындары лифтімен жүруге қорқады

фото fcrso.ru

«Оtau city» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қызмет көрсетуші «Шым эко сит»и мекемесесінің жұмысына наразы. Олардың айтуынша, пәтер иелері кооперативінің жауаптылары көрсетілетін қызметтерін толық орындамай отыр. Яғни, жөртөледе құбыр сан рет жарылып, су кеткен. Қала берді 11-12 қабатқа жылу бармайды. Ол аздай, балалар ойын алаңшасының жабындысы күйреп жатыр. Ал жеделсатыға жанымызды шүберекке түйіп мінеміз дейді.

«Қараусыз қалған үй сияқты. Кафельдер сынып жатыр. Тұрып жатқанымызға үш жыл болды. Лифтіге  сөз жоқ. Қорқамыз. Астанадағыдай болып қалмасын деп. Бала шағаға мінбеңдер дейміз. Комфорт жоқ».

Осылай деген «Отау сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жағдайы жасалған баспана алдық деген аты болмаса, бәрі бекер дейді. Айтуларынша, үйдің кафельденген тұстары қирап жатыр. Оны сан рет жамағанымен, мардымсыз деп отыр. Сонымен қатар, ойын алаңшаларының шаңы шығып, астындағы тасы талқандалып жатыр дейді.

Күлайша Бекеева, қала тұрғыны: «Мына ауламыз балалар ойнаған уақытта шаңы шығып жатыр. Тазалап реттеп кеткен. Екі аптадан соң, қайтадан топалаңы шығып жатыр. Ана жерге көк шөптерін септі. Сол күйі шыққан жоқ. Жаз бойы мына лай болып жатты. Көгерген жоқ. Қурап қалды».

Ал, «Отау сити» мекемесінің өкілі ойын алаңшасына берілген кепілдік мерзімі болса, реттеп береміз деп отыр. Ал, бұған дейін тұрғындардан арыз түспеді дейді.

Қарлығаш Дүйсенова, «OTAU CITY» компаниясының өкілі: «Әр затына, әр жұмысына гарант мерзімі болса, көру керек. Егер гарант мерзімі бітіп қалса, біз жауап бермейміз. Бізге арыз жасаған жоқ. Мына жердегі деффект акт толтырған жоқ застройщик».

Сонымен қатар тұрғындар айына ақша төлеп, мардымды қызмет ала алмаймыз деп отыр. Мәселен, есіктеріміз ашық-шашық, кейбір подьездегі заттар қолды болды дейді.

Дәулет Сүлейменов, қала тұрғыны: «Есіктерімз ашық, магнетиктер сынып қалады. Есік ашылып жабылмағаннан кейін, өрт шлангы жоқ. КСК өзіміз айналысамыз деп өздері қойып шықты».

Ал, пәтер иелері кооперативінің директоры біз кейбір қызметтер бойынша жауап бермейміз деп отыр.

Жомарт Сайдулла,  «OTAU CITY» ТК ПИК директоры: «Бізде нақты қызмет, квартираға дейін қызметтерді көрсетемііз. Ауланың тазалығы, инженерлік сеть, бағанағы су, свет, квартираға дейін. Лифт, домофон бойынша сіздерде мекеме бар. Ай сайын 400 немесе 380 төлейсіздер. Солармен сөйлесесіздер. Ал, лифт бойынша тоқтап қалу бойынша, сапа ма сондай деп аталады. Сол кісілерге береді. Лифтке КСК жауап бермейді».

Бұдан бөлек, тұрғындар үйдің 10-шы қабатынан жоғары пәтерлерге жылу бармайды деп шағымданды. Күн суыса қарттарымыз мен балаларымыздың денсаулығы үшін алайңдаймыз деп отыр. Талай рет тиісті мамандарға хабарластық. Бірақ, құлақ асқан тірі жан болмайды дейді. Ал, кооператив директоры бұл мәселеден хабардар екенін айтады.

Жомарт Сайдулла,  «OTAU CITY» ТК ПИК директоры: «Отау сити» бойынша 10 этаждан жоғары жылу келмейді. Оның себебі, «Қуатжылуда»н жылу дұрыс келіп жатқан жоқ. Мен «Эко шым сервистің» атынан әкімдікке де, «Қуатжылуға» да Е өтінішпен хат жазғанмын.

Енді тұрғындар құзырлы орган өкілдеріне арыз жазып, мәселеге қатысты іс қозғауын талап етеміз деп отыр. Тіпті, құжаттарын сақадай сай етіп, дайындап қойған.

Нұргүл Жолымбетова