Мәжілісмен: «Проблемалық тұрғын үйлерді қайта тексеру керек»

62

Сапасыз үйлер ипотека арқылы әлеуметтік осал топтарға берілген. Қабырғасы қақырап, іргетасы сөгіліп жатқан баспаналар мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатыр.

Жапа шегіп отырған тұрғын көп, ал жауапкершілікке тартылғандар саусақпен санарлық. Сондықтан, республикалық комиссия құрып, оның құрамына қоғам белсенділері мен пәтер иелерін енгізіп, тексеріс жүргізу керек.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Барлық облыстардағы, қаладағы проблемалық тұрғын үйлерді қайта тексеруден өткізіп, үйлерде тұру қауіпсіздігін, авариялық деңгейін анықтау керек. Республика бойынша тұрғын үйлерді қабылдайтын тиісті жергілікті атқарушы органдарды тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды, депутаттық сауалға заңнамаға сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз». 

Шынар Оразова