Úı ANONS Шымкентте 30 отбасы жаңа үйдің кілтін алды

Шымкентте 30 отбасы жаңа үйдің кілтін алды

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана кілттері табысталды. Бұл жолы жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында 30 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Көпшілігі – әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар. Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

3 баланың анасы Айнұр Нұрбекова баспаналы болды. Ол 2015 жылы толық емес отбасы ретінде үй кезегіне тұрған.  Бүгін балаларымның несібесіне үйлі болып, қуанышым еселеніп жатыр дейді қала тұрғыны.

АЙНҰР НҰРБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Естіген кездегі қуанышымды айта алмаймын. Ерекше қуандым. Басында ешкіммен бөліспедім. Қолыма кілтім түскен соң барып айтып жатырмын. Қуанышым шексіз. Бәріне жұғысты болсын».

Ал Айгүл Омарова үй кезегіне 10 жыл бұрын тұрған. Бұған дейін бірнеше рет ипотекаға үй алуға ниеттенгенмен, реті келмепті. Тіпті ақшасын алып, алдап кеткендер де кездескен. Содан кейін ол үй кезегі келуін күткенін айтады.

АЙГҮЛ ОМАРОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Біз қанша рет әрекет жасадым. БОЛМАДЫ. СОДАН ҮМІТ ҮЗБЕЙ КҮТТІМ. ҚАЗІР АСАР 2 ШАҒЫН АУДАНЫННА БЕРДІ. ӨЗІМ БАРЫП КӨРІП ҚАЙТТЫМ. ӘДЕМІ ЕКЕН. ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫЗ ҚАЗІР ҚОБАЛЖЫП ТҰРМЫН. ӘКІМНЫҢ ҚОЛЫНАН КІЛТ АЛДЫМ».

30 отбасыға баспана жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы негізінде беріліп жатыр. Мамандар үй кезек бойынша беріліп жатқанын айтады.

ЖҰЛДЫЗАЙ ОРДАБЕКОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ӨКІЛІ: «Жоспар бойынша арендалық пәтерлер 1600 шамасында беріледі. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілетін коммуналды үй қоры есебінен беріліп отыр. Олардың арасында мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар».

Қазірге дейін арендалық 900-ден аса пәтер беріліп үлгерген. Алда тағы 710 үйді үлестіру жұмысы сәуір айынан басталады.

Әсел Мәлік