С. Жұманғарин: «Қант тапшылығы қолдан жасалған»

128

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қантқа қатысты мәселеге тоқталды. Айтуынша ешқандай тапшылық жоқ, қолдан жасалған. Заңсыз әрекеттерге барғандарға шара көріледі дейді агенттік төрағасы.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы: «Адамдар  қант жетіспеушілігі, қымбатшылыққа қатысты мәселені өздері ушықтырып жүр. Салдарынан сатушылар бағаның көтерілгенін күтіп, тапшылықты қолдан жасаған. Олардың бәрі жазаланады, яғни, осындай әдіс арқылы тапқан пайдалары бюджетке айыппұл, монополиялық кірістер түрінде қайтарылады».

Шынар Оразова